Бүгінгі Республикалық референдумға түрлі қызықты жағдайлар орын алуда. Қазыбек би ауылдық округі Н.Оңдасынов ЖББМ-де орналасқан №206 сайлау учаскесіне топ болып жиналып келген ақ жаулықты ауыл әжелері жаппай дауыс беріп, өздерінің саяси белсенділіктерін көрсетті.
          Әжелер алқасының округтегі төрайымы Рашида Мауленова қазақ әйелдері ерте заманнан қоғам тіршілігіне етене араласып, мемлекетті басқарғанын атты. Сондықтан, қазіргі жас қыздарға, келіндерге үлгі болуы үшін бүгінгі сайлауға көп болып қатысып, дауыс бергендерін жеткізді. Әжелер мен келіндер арасындағы сабақтастықтын үлгісін көрсеткен олар көпшілікті саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.
        Сонымен қатар, бүгін көпбалалы аналар мен 100 жастан асқан жетісайлықтар та өз таңдауларын жасайды деп күтілуде.
 ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған