1986 жылғы 26 сәуірдегі Чернобыль апатына станцияның IV энергоблогындағы әбден ескірген реактордың құлап кетуі себеп болған. Ал, 2011 жылы 11 наурызда Жапониядағы жойқын жер сілкінісінің соңы мұхиттан соққан цунами толқындарына ұласып, Фукусима станциясында апат болғанда оған автоматты жүйе түгілі, адами фактордың да күш-қабілеті жеткен жоқ. Бір өкініштісі, сол кезде оларда тіпті 1 буынды технология да жоқ болатын.

Ал, қазіргі 3 және 3+ буынды реакторлар сапасының жоғарылығы соншалық, екі контурлы су-сулы қондырғыларда апат қаупі туындай қалса, реактордың апатты тетігі адамның қатысынсыз-ақ автоматты түрде іске қосылып, реакторды өзінен-өзі суытады да, толық процесті өздігінен басқарып отырады. Бүкіл дүние жүзінде осындай қауіпсіздігі ең жоғары озық технология қолданылып жүр. Сондықта орынсыз алаңдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Азамат САРЫБАС,

Атакент кенті.

ОРЫНСЫЗ ҮРЕЙГЕ БОЙ АЛДЫРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған