Республика Энергетика министрлігінің қазіргі болжамы бойынша, Қазақстан Республикасының 2035 жылдарға қарайғы энергияға сұранысын 4 блоктан тұратын атом электр станциясы толық өтейді.

Қазір еліміздегі энергия тұтыну көлемі 115 миллиард кВт/сағат болса, ол кезде 150 миллиард кВт/сағат болуы межеленіп отыр. Егер екі энергоблокты аьом электр сансасы салынатын болса, онда жылына қосымша  15-20 млрд. кВт/сағат, электр энергиясын алу мүмкіндігіміз пайда болар еді.  Бұл жерде сұраныстың артуы деген мәселе бар. Қазақстанда 2035 жылға дейін энергия тұтыну көлемі жылына 150 миллиард кВт/сағатқа дейін өседі деген болжам бар.

Ал, бізде салынуы тиіс станцияның қуаты – 2,4 ГВт, бұл мөлшер біздің елдегі электр энергиясына деген тапшылықты толығымен өтей алмайтыны сөзсіз. Сол себепті  болашақ АЭС жобасы екі энергоблоктық емес, бірден төрт энергоблок деп есептелуі тиіс. Немесе 2035 жылға дейін алғашқы екі блокты салынып бітсе, қалған екеуінің құрылысын жалғастыра берген жөн болар еді. Сонда еліміздің келешекте электр энергиясына деген қажеттілігі әжептәуір кемір еді.

Сыдық АСҚАР,

Атакент кенті.  

ЖЫЛЫНА 15-20 МЛРД. КВТ/САҒАТ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН АЛАТЫН БОЛАМЫЗ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған