Елімізде атом электр станциясын салу – мемлекетімізді энергетикалық тәуелсіздікке жеткізіп ғана қоймай, сонымен қатар, әлемдік климаттың өзгеруінее қарсы күреске оң әсер ете алатын маңызды әрі тиімді қадам болар еді.
Атом энергетикасының көмір мен газ сияқты дәстүрлі энергия көздерінен арынатын электр стансаларынан басты айырмашылығы, атом электр станциялары көмірқышқыл газын шығармайды және ауаны зиянды қалдықтармен ластамайды. Яғни, АЭС-тер елдің экологиялық жағдайын жақсартуға және азаматтардың денсаулығын қорғауға көмектеседі.
Сонымен қатар, атом энергетикасы елдің экономикалық тұрғыдан дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашыоуына және ғылым мен технологияның дамуына жағдай жасайды. Осы себепті де АЭС мемлекетіміз үшін пайдалы нысан болып табылады.
Досан АСҚАРОВ,
Жетісай ауданы.