Мырзакент кентіндегі Мақтаарал аудандық «Мансап орталығы» филиалының ғимаратында “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен бірлесе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және алимент төлеуші борышкерлерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі болып өтті.

Жұмыс беруші мекемелерге қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеуші мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен алимент төлеуші борышкерлердің жұмысқа орналасуларына көмектесу және жұмыс беруші мен жұмысқа тұрушының жүздесулеріне ықпал жасау болатын осы жәрмеңке барысында – бос жұмыс орындарымен қатар, жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында көптеген консультациялар берілді.

Жыл басынан бері екінші рет өткізіліп отырған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінің арқасында, 100-ге жуық адам тұрақты жұмыс пен ақылы қоғамдық жұмыстарға және жастар тәжірибесіне жолдама алды.

Қорыта айтар болсақ, осындай іс-шаралар жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасындағы алтын көпір болуымен қатар, мұндай шаралардың жемісін көріп, жұмыс тапқан және мамандық алған адамдар да көп болды.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған