Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел азаматтарының шамадан тыс несие алуына алаңдаушылығын білдіріп,  азаматтардың шамадан тыс несиеге байлануын қоғамдағы өте өзекті әрі әлеуметтік маңызға ие басты мәселе деп бағалады.

Аталған осы міндет шеңберінде «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың бастамасымен азаматтардың қаржылық сауаттылығын көтеруді көздейтін «Қарызсыз қоғам» жобасы іске қосылды. Жобаның тиімділігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айрықша атап көрсетіліп, оның ауқымын кеңейтіп, жалпыхалықтық деңгейге шығару тапсырылған болатын. 

   Осы орайда, ағымдағы жылдың 05 ақпаны мен 24 мамыры аралығында Мақтаарал ауданына қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округте 800 адамды оқыту жоспарланған болса, бүгінгі таңда 700-ден астам азаматтар оқыту курстарынан өтіп, бұл бағыттағы шаралар өз деңгейінде атқарылуда.     Аудан тұрғындарына азаматтардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау негіздері, кіріс пен шығысты есептеу, шығындарды оңтайландыру, отбасы бюджетін қалыптастыру,  несие алу ережелері мен қайтару процесін, қаржы пирамидалары мен алаяқтар тұзағына түспеу, бизнес жобаларды қаржыландыру көздерін үйрену     жөнінде жобаға қатысушыларға «Ұлы дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығының қаржылық сарапшысы Амиралиева Айгерім Алиқызының жүргізуімен өткізілуде.

Оқу семинары тегін және кәмелет жасына толған кез келген адам қатыса алады. Оқудың толық курсынан өткен азаматтарға сертификаттар табысталатын болады.

Мұхтар СӘРСЕНОВ,

«AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі.

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛУЫ БОЙЫНША

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған