ТӨЛЕБИДЕ МАЙ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ ТӘУЛІГІНЕ 4 ТОННА ӨНІМ ШЫҒАРАДЫ

Төлеби ауданы өткен жылдың қорытындысы негізінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша мақсары өндіруден озат аудан атанды. Аудан шаруалары 13 мың тоннаға жуық майлы дақылдардан өнім жинады. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Ифтикар Қошқаров мақсарыдан жеке қаражаты есебінен май өңдеу цехын іске қосты. Дайындалған өнімді еліміздің барлық аймақтары мен Қытай, Өзбекстан және Ауғанстан елдерін сұйытылған маймен қамтып отыр.

Көксәйек ауылдық округінде орналасқан шағын цех тәулігіне 4 тонна мақсары және мақта майын шығарады. Жоба құны – 250 млн теңге. Мұнда 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мақта майы республика аумағына «Алтын» брендімен танымал.

Аудан әкімі Төлеген Телғараев шағын цех жұмысымен танысып, жыл өткен сайын мемлекет тарапынан кәсіпкерлер құқығын қорғау бағытында түрлі шара қолданып, заң талабын жеңілдетуге жағдай жасалуда екенін атап өтті. Іскер азаматтардың өндірісті өркендетіп, жұмыс орындары көбейтіп отырғанын айтып, шағын және орта бизнес тарапынан атқарылған жұмыстардың экономикаға қосылар үлесі мол екеніне тоқталды. Аудан аумағында шағын және орта бизнестің дамуына барынша серпін берілгенін, кәсіпкерліктің көкжиегі кеңеюде екенін түсіндірді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТӨЛЕБИДЕ МАЙ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ ТӘУЛІГІНЕ 4 ТОННА ӨНІМ ШЫҒАРАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған