ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ержан Құдайберген Төлепұлының ауданымыздағы сайлаушылармен кездесуі жалғасуда. Осы орайда бүгін ауданымыздағы білім беру мекемелерінің, балабақша қызметкерлерімен, ауылшаруашылығы өкілдерімен және Сүткент, Достық ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
   Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ержан Құдайберген Төлепұлы «Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Бұл – уақыт талабы. Себебі ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысу қажет. Президент Қ.Тоқаев суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшу туралы айтты. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды және азаматтар ол туралы біліп, оқып, оған дауыс беруі керек. Бұл азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам белсенділік танытуы тиіс. Егер референдумда дауыс берушілер аталған өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік аламыз» – деп атап өтіп, бұл ел дамуы үшін маңызды қадам, осы тарихи бетбұрысты жасауға әр азамат өз үлесін қосатынына сенетіндігін айтып, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
ДЕПУТАТ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған