Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын болдырмау мақсатында Мақтаарал ауданына қарасты Атакент кенті, Бірлік, Жаңажол ауылдық округтері және аудан орталығы Мырзакент кенті әкімі аппараттарының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
   Мақсатты жиында бірінші басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жеке жауапкершілігі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидаларына енгізілген толықтырулар баяндалып, бекітілген жаңа заң аясындағы түзетулер таныстырылды.
Басқосу жиынында Ерұлан Икрамұлы жемқорлық құқық бұзушылық деректері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін ел азаматтарына біржолғы ақшалай сыйақы қарастырылғанын жеткізіп, параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК аспайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша берілетін біржолғы ақшалай сыйақының мөлшерін атап өтті.
    «Биылғы жылы 1 айлық есептік көрсеткіш 2917 теңгені құрап отыр. Яғни, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша хабарлаған азаматтарға – 30 АЕК (87 510 теңге), онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК (116 680 теңге), ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК (145 850 теңге), ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК (204 190 теңге), аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК (291 700 теңге) ақшалай сыйақы беріледі», – деді Ерұлан Тұңғышбаев.
  Сондай-ақ, «пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер болмаса көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша берілетін сыйақы мөлшері пара немесе келтірілген залал сомасының 10%-ын құрайтынын жеткізді.
   Жиын соңында Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске енгізілген бірқатар өзгерістер баяндалып, бұдан былай өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды алу және беру бойынша көрілетін жауапкершіліктің күшейтілгені түсіндірілді.
   Айта кетейік, ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Мақтаарал ауданына жасаған сапарының соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын болдырмау мақсатында аудандағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларымен де арнайы мәжіліс өткізді.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
БАРМАҚ БАСТЫ, КӨЗ ҚЫСТЫ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған