Жетісай ауданында алдағы уақытта жалпы инвестиция көлемі 50,8 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылмақ. Аталған кәсіпорындар 3 247 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Бұл туралы бүгінгі брифингте Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді.
     «Аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында Асықата кентінен 50 гектар жер телімі резервке алынды. Сондай-ақ, биылғы жылы жұмыспен қамту бойынша 1 015 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Олардың басым көпшілігі мәдениет үйі, спорт клубы және жастар орталығынан болмақ. Ал, мемлекеттік гранттар есебінен 300, шағын және орта бизнес субъектілерінен 239 жұмыс орны ашылмақ»- деді Мұрат Болатұлы.
    «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жаңа бизнес идеяларды қолдау мақсатында 214 азаматқа мемлекеттік грант беру жоспарлануда. Оның 112-сі 29 жасқа дейінгі жастар.
                                                                                                    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ЖЕТІСАЙДА 3 МЫҢНАН АСТАМ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған