Былтыр Жетісай ауданы бойынша мемлекеттік грант алғандар саны – 1418 адамға жеткен. Осы азаматтарға мемлекет қазынасынан 786,573 млн. теңге төленіп, тиісінше олар өздерінің жеке кәсіптерін бастаған. Аудан бойынша жұмыспен қамтылған азаматтардың ішінде 19-29 жас аралығындағы жастар – 409 болса, аз қамтылған отбасы мүшелері – 663, Көп балалы отбасылар саны – 327, жұмысқа жарамды мүгедектік тобы бар адамдар саны – 18 азаматтарды құраған.
  Сондай азаматтарымыздың бірі мемлекеттік грант жеңіп алып,2 жылдан бері өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, кондитерлік өнімдерін пісіріп сатумен айналысатын «Нәзік Бекери» сауда орталығының басшысы Шұлғауова Қарлығаш, бүгінде 15 дамды тұрақты түрде жұмыс пен қамтамасыз етіп отыр. Мұнда кәдімгі бәліштен бастап, мерекелік дастарханға қажетті тәттілердің кез-келген түріне тапсырыс беруіңізге болады.
  Жоғары да атап өткен 1418 азамат төмендегі салалар бойынша грантқа қол жеткізген.
  Кәсіпкерлік жобасы бойынша құрал жабдық сатып алуға – 97, техникалық құрал сайман алуға – 248, мал және құс шаруашылығымен айналысушылар саны – 1073 жоба қаржыландырыған.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік» бағдарламасының 2020 жылы кешенді жоспардың орындалуы туралы мәліметтерге тоқтала кетсек.
  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы жалпы 8666 адамды қамту жоспарланған. 12 айда бұл көрсеткіш 10530 адамға жетіп жылдық жоспар 121,5% болып артығымен орындалды.
  Мемлекет берген мүкіндікті ұтымды пайдаланып өз кәсібін бастаған жанның бірі, Әжібекова Жанар. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 айлық курсты оқып,бизнес жобасын сәтті қорғап 583 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған. Қазіргі таңда ағаш өңдеу цехын құрып күнделікті тапсырыстарын алып жұмыс жасап жатыр. Мұндағы цехта сандық, жатын бөлме жихазы, балалар жихаздарын бастап тұрмысқа қажетті барлық жихаз өнімдерін жасайды. Бұрынғы жұмыссыз жан Жанардың айтуы бойынша, алдағы уақытта кәсібін үлкейту жоспары да бар.
  Жетісай ауданы бойынша жұмыссыздар жоспарда – 4359 адам болса, орындалуы – 7399 адамға жетіп, пайзға шаққандағы көрсеткіш 169,7% құраған.
Ал, жұмыс іздеушілер: негізгі жоспар да – 2084 адам болса, орындалуы – 1017 адам немесе 48,8% құраған.
  Нәтижесіз өздігінше жұмыспен қамтылғандар: жоспар да – 2223 адам болса, орындалуы – 2114 адам немесе 95,1% жеткен.
  Жетісай ауданында арнайы мамандығы жоқ жандарды қайта оқыту қазіргі таңда дұрыс жолға қойылғанның тағыда бір дәлелі. Осы курс арқылы өз кәсібін бастаған жандардың бірі, Жетісай қалсының тұрғыны Байбосын Гүлмираға кірісі аз отбасы ретінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, кейін оны Жетісай ауданы халықты жұмыс пен қамту орталығы 3 айлық қайта даярлау курсынан өткізген. Арнайы комиссияның шешімімен оған мемлекет тарапынан қайтарымсыз 555 мың теңгенің гранты берілген. Мемлекет берген қаражатты текке шашапай, қажетіне жарата білген Гүлмира тігіс тігетін машинасын сатып алып, өзінің жұмысын дөңгелетіп отыр. Қазіргі таңда Жанар Қайратқызы жетекшілік ететін «Avtomodakz» орталығында. Қазақи үлгідегі оюлы шапандар мен камзолдарды замануи үлгіде тапсырыс берушінің ыңғайына қарап тігіп беріп отырған жайы бар.
  Одан бөлек, басымдылыққа ие санаттағы адамдардың жұмыспен қамтылуыда жолға қойылған.
Жалпы бірінші бағыт бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 13 мамандық бойынша 235 адам қазан айында жолданып. Мерзімінен кейін желтоқсан айында 177-і жұмыспен қамтылған.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 301 адам оқуға жолданып, бүгінді өз сертификаттарына қол жеткізген.
   Қосымша айта кететін болсақ, Жетісай ауданы бойынша мемлекет тарапынан қолдау көріп, өз жеке кәсібін ашу мақсатында төменгі пайызбен 88 адам шағын несие алған.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
ЖЕТІСАЙ ДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР САНЫ ЕДӘУІР АРТҚАН

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған