Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірді дамытуға еңбек сіңіріп, үздік атанған бір топ азаматқа Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуы құрметіне тағайындалған мерекелік медальді табыс етті. Құрметке бөленгендер арасында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Кадырбек пен облыстық басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері және мемлекеттік қызметкерлер бар.
Тәуелсіздіктің ұлы құндылық екеніне тоқталған облыс әкімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жаңа дәуірі басталған Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен Түркістанның құрылысына үкіметтік деңгейде қолдау көрсетілгенін айтты. Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру міндеті жүктелгенін, осы бағытта мемлекеттік қызметкерлер, басшылар отаншылдықпен, адалдықпен жұмыс істеулері керек екенін жеткізді.
Құрметке бөленген азаматтар ел сенімін ақтау жолында жемісті жұмыс атқаратындарын айтып, көпшілікті Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ ТОЛУЫ ҚҰРМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ