Жетісай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мұрат Болатұлы мен Түркістан облысы прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Жомарт Нұрғалиұлы Жетісай ауданы активіне жаңадан тағайындалған аудан прокурорын таныстырды.
    Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудан прокурорының орынбасары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Облыс прокурорының орынбасары Жомарт Нұрғалиұлы алдымен осы уақытқа дейін қызметін абыроймен атқарып келген, Жетісай ауданы прокуроры Нұрғали Шекербекұлына сөз беріп, алдағы уақытта жаңа орнында қызметін абыройлы атқаруға тілекші екендігін білдірді. Өз сөзінде Нұрғали Шекербекұлы «Аудан халқына көрсеткен қолдауы мен артқан сенімі үшін үлкен алғыс білдірді».
  Бір топ зиялы қауым өкілдері де мінбеге көтеріліп, ыстық ізгі тілектерін жеткізді.
   Сөз соңында облыс прокурорының орынбасары жиынға қатысушыларға жаңадан тағайындалған Жетісай ауданы прокуроры Жүнісбеков Айдархан Жорықбайұлын таныстырып, оның еңбек жолына тоқталып, жаңа қызметте үлкен сенім артылып отырғандығын жеткізді.
   Айдархан Жорықбайұлы Жүнісбеков 02.05.1972 жылы туылған, білімі жоғары, 2001 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
    Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2001 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Осыдан соң, Түркістан қаласы прокурорының аға көмекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, Кентау қаласы прокурорының орынбасары, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры, Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының орынбасары, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарған.
   2019 жылдың 27 қыркүйегінен бастап, күні бүгінге дейін Түркістан облысы Түлкібас ауданының прокуроры лауазымын абыроймен атқарды
   Айдархан Жүнісбековтің прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 19 жыл 10 ай.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған