Қазіргі таңда Атакент кентінде спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Бақыт Асанов сол спорт нысанының құрылысына арнайы барып, соның сапасын тексеріп қайтты.
Нысанның конкурстық құны 593 миллион теңгені құрайтын нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізуде. 2023 жылы басталған құрылыс нысаны толық бой көтеріп, бүгінде негізінен әктеу-сырлау мен сыртқы ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде екен.
Шілде айында пайдалануға беріледі деп күтіліп отырған спорт кешенінде, Атакент кенті мен Мақтарал ауылдық округі жастары көптеген спорт түрлерімен кәсіби деңгейде айналысуларына мүмкіндік туады деп жоспарлануда.
«Нысан халықтың игілігіне берілгеннен соң ауданымыздың спортын дамтыуға үлкен үлес қосатын болады. Қазірден бастап жастырмыз «Мынау қандай кешен, қашан аяқталады?» деп сұрап, қызығушылық танытып жатыр. Өйткені, мұндай кешендер халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге үлкен мүмкіншілік береді. Спортшыларымызды биік дәрежеге көтеруге көмектеседі» – деді, Атакенттегі спорт мектебінің жаттықтырушысы Еркебұлан Дайылбаев.
Айта кетерлігі бұл спорт кешенінде – үлкен спорт залы, әкімшілік қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, дәрігерлердің кабинеті, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар, санузельдер және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған. Мұнда спорттың гандбол, баскетбол, волейбол, бокс, гимнастика, ауыр атлетика және жеңіл атлетика түрлері дамытылатын болады.