Қазіргі таңда атом энергетикасы – энергия өндірудің бүкіл тізбегіне негізделген ғылыми көзқарасты қажет ететін жоғары технологиялық сала. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, атом энергетикасында көш бастап тұру озық ғылыми-техникалық әзірлемелердің арқасында қамтамасыз етіледі.
Сол себепті де Қазақстанда АЭС салынуы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында, сондай-ақ экономика, экология, әлеуметтік ғылымдар және т.б. салаларда ғылымның қарқынды дамуына түрткі болады деп санаймын.
Бір қуантарлығы елімізде атом энергетикасының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру, ядролық, радиациялық технологиялар мен материалдар, пайдаланылған ядролық отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, радиациялық, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қамтамасыз етуші мамандар баршылық. Сондықтан бұл бағытта алауға негіз жоқ.
Мәлік АМАНБАЕВ,
Мақтаарал ауданы.