Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) ұйғарымымен, тек осы атом энергетикасы ғана парниктік газды ең аз бөлетін энергия түрі деп бекітілген. Ал одан өзге энергия түрлері, мәселен, көмір – 820 грамм/кВт/сағ (СО2 баламасы), табиғи газ – 490 грамм, су электр стансалары – 24 грамм, СЭС – 48 грамм бөлсе, атом – 12 грамм бөледі.

Бүгінгі таңда Еуропадағы атом электр стансалары жыл сайын 700 миллион тонна СО2 шығарындыларының алдын алады. Ал АЭС-тің қоршаған орта мен адам денсаулығына зиянды әсері жоқтығы бұрыннан дәлелденген. Атом электр стансасын салудағы басты негізгі басымдық – оның қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауы. Сол себепті атом энергиясы – қазіргі жаһандық жылынумен күресу құралдарының да негізі болып табылады.

Бақтыбай БАЙЗАҚҰЛЫ, шаруа.

Жетісай ауданы.

ЖАҺАНДЫҚ ЖЫЛЫНУМЕН КҮРЕСУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ДА НЕГІЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған