Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде ҚР Вице-премьері Серік Жұманғарин Мақтаарал ауданының мақта өсірушілерімен және Қазығұрт ауданының бидай өндірушілерімен кездесті.

Мақтаарал ауданындағы сапары кезінде Серік Жұманғарин мақта егу бойынша көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты. Мұнда «Хамро Ата» өндірістік кооперативі Қытай инвесторымен бірлесіп, «Peng Seng» тамшылатып суару технологиясы бойынша 310 гектарға мақта отырғызды. Жобаның ерекшелігі – қарапайым әдіспен егілген мақта алқаптарымен салыстырғанда ағынды сулардың көлемін 50% үнемдеуге болады. Бұл өнімділікті гектарына 60-70 центнерге арттырады. Мұнда вице-премьерге мақта өсіру және қайта өңдеу бойынша жобалар ұсынылды, оларды іске асыру биыл басталды. Бұлар – құны 10 миллиард теңге болатын «Cotton мақта», «Tulpar Textile» (15 миллиард теңге, жіптер өндірісі), «TST Jetisay Textile» (жіптер өндірісі, мақта өңдеу, маталар мен тоқыма өндірісі) кластерлері. Сонымен бірге өзбек серіктестерімен бірлескен, құны 50 миллион доллар болатын «Global Textile Turkestan» экспортқа бағдарланған кластері де жүзеге асады.

Вице-премьермен кездесуде мақта өсірушілер аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, көктемгі дала жұмыстарына (VLOOKUP) жеңілдетілген дизель отынын беру нормативтерін қайта есептеу мүмкіндігі туралы мәселені көтерді. Фермерлер субсидия төлемдерін кешіктіру деректерін айтып, шағымданды.

– Біз биыл арзандатылған бағамен 376 мың тонна дизель отынын бөлдік. Алдымен 340 мың тонна, ал қажеттіліктер нақтыланғаннан кейін тағы 36 мың тоннаға ұлғайттық. Қазір көктемгі егіс жұмыстарына фермерлер үшін жылдық 5пайыз өсіммен 580 миллиард теңге бөлеміз. Өтінім беріп, жеңілдіктерді пайдалануға болады, – деді Серік Жұманғарин мақта өсірушілерге.

Сондай-ақ осы сапар аясында вице-премьер жүгеріні қайта өңдеу зауытының, «ЭКО-культура» жылыжай кешенінің, банан өсіретін жылыжайдың құрылыс барысымен, «Бөрте-милка» сүт-тауар фермасының дамуымен танысты.

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР АУДАНЫМЫЗДАҒЫ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған