Мақсаты:Балалардың коммуникативтік-ақпараттық құзіреттілігін молайтып,балалардың ой-түйсігін,қиялын дамыту.Балалардың танымдық қабілеттерін ,зейінін ,сенсорлық ойлау қабілеттерін дамыту.Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға білуге үйрету, қызыл,сары,көк,жасыл.
Әдіс-тәсіл; Ойындар,сұрақ-жауап,түсіндіру. Көрнекіліктер: түрлі-түсті шарлар,геометриялық пішіндер, кубик, трубочкалар, ою – өрнектер, сиқырлы қорапша.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Алғаш келген қонақпен
Амандасып аламыз.
«Әнұран» орындалады.
Балалар бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған іс-әркетіміздің тақырыбы: «Түстер әлемі» деп аталады.
-Балалар біз қандай түстерді білеміз?
Көк, қызыл, сары, жасыл
1-тапсырма: Шарларды жапсыру.
Ойын ережесі: Кубик арқылы ойналады. Түстеріне байланысты доптарды тақташаға жапсыру. Балалар кубик лақтырады, қандай түс түссе сол түстің үстімен жүріп тақташаға допты жапсырады.
-Жарайсыңдар ,балалар!
2-тапсырма: Топ бойынша жұмыс
- Қызыл түсті партада трубочкалар берілген. Сол трубочкаларды түстеріне қарай орналастыру.
- Көк түсті партада пришивка берілген. Пришивкаларды пішіндердің түстеріне қарай орналастыру.
- Сары түсті партада сиқырлы қорапша берілген. Сол қорапшаның ішінен оюларды алып түстер белгіленген жолақшамен өтіп барып, түстер белгіленген қорапшаға салу керек.
- Жасыл түсті партада су құйылған ыдыс берілген. Сол ыдысты шайқаған кезде көк, қызыл, сары, жасыл түстер шығады.
Сергіту сәті: «Қазақша оюмен»
3 – тапсырма: «Сәйкестендіру ойыны».
Балалар түстерді бір – біріне сәйкестендіреді. Мольберт тақтаға суреттер беріледі. Түстеріне қарай бір – біріне сәйкестендіреді.
Қорытынды:
Балалар бүгін біз сендермен «Түстер әлемі» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс әрекетін өттік. Ұйымдастырылған іс әрекет ұнады ма сендерге? Жарайсыңдар, балалар! Сау болыңдар!
Сатыбалдиева Гүлбану Тілегенқызы,
«Әсел» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.