2021 жылдың 27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам: 1980 ж, анасы және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балаларға газдан уланып қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, оқиға болған кезде емделу мақсатында Шымкент қаласында болған.
Өмірзақ Шөкеев, Полиция Департаменті және ТЖД бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Облыс әкімі оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.
   «Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын», – деді Өмірзақ Шөкеев.
   Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайевтің басшылығымен арнайы комиссия құрылды.
                                                                                       Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ ОРЫН АЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған