Бүгінгі таңға 11 – 16 наурыз аралығында жауын-шашынның шамадан тыс жаууы мен шаруалардың қысқы сор шаю жұмыстары кезінде ағын суды есепсіз, қажетті мөлшерден көп пайдалануы салдарынан Жетісай ауданына қарасты қала, кент, ауылдық округтердегі тұрғын үйлердің ауласы мен көшелерге жиналған суларды қашырту жұмыстары жүргізілуде.
Аталмыш табиғи қолайсыздыққа байланысты алғашқы күннің өзінде-ақ Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының басшылығымен жедел штаб отырысы өткізіліп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілген болатын.
Жергілікті әкімдіктерден 200 ден астам жеке құрам және еріктілер, 16 техника, 86 су сорғы (МП-80, МП-100, МП-150, МП-350) насостары жұмылдырылған. Одан бөлек, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы мен жастар ресурстық орталығы қызметкерлері тарапынан жалпы саны 90-ға жуық адам Жетісай қаласындағы темір жол возкалы артында орналасқан 17 тұрғын үйдің аулаларына егістік алқаптардың қысқы сор шаю жұмыстары кезінде мөлшерден артық алынған суларды кіргізбеу мақсатында қоршау жұмыстарын жүргізді.
«Табиғи апатты болдырмау, адам шығынының алдын алу мақсатында жергілікті әкімдіктер мен еріктілер тарапынан 16 арнайы техника мен 86 су сорғы насостары, 200-ден астам жеке құрам жұмыс істеуде.
Айта кетейік, бізге келіп түскен хабарламаларға сәйкес жеке құрам мен қажетті техникалар бірінші кезекте аса мұқтаж жандарға, яғни, көпбалалы отбасылар мен асыраушысынан айырылған, жалғызбасты, қоғамның әлсіз топтары саналатын мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға, аз қамтамасыз етілген тұлғалардың үйлеріне жіберіледі. Тұрғындардан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз» дейді аудан әкімінің орынбасары Аширбай Тасов.
Нақтырақ айтар болсақ, Жетісай қаласындағы Жамбыл, Жәштаев, А.Яссауи, С.Әжібеков, А.Байтұрсынов, Мақтұмқұл, Жаяу Мұса, Алтынсарин және Оспанов көшелерінде 15 су сорғы насосы, 9 ассенизатор, 30 жеке құрам, Асықата кентіндегі Алтынсарин, Бейбітшілік, Жаңа құрылыс, Ғ.Мұратбаев, Сейдахметов, Ж.Аубакиров көшелерінде 9 су сорғы насосы, 3 техника және 20 жеке құрам, Қазыбек би ауылдық округіндегі Жамбыл, Қазыбек би, Ә.Оспанов елді мекендерінде 8 су сорғы насосы, 2 техника, 35 жеке құрам, Жаңа ауыл акылдық округіндегі Әбдіхалық және Жаңа ауыл елді мекендерінде 5 су сорғы насосы, 1 техника, 15 жеке құрам, Қарақай ауылдық округіндегі Қараөзек, Қарақай, Сәтпаев елді мекендерінде 9 су сорғы насосы, 14 жеке құрам, Жылы су ауылдық округіндегі Жылы су, Байқоныс, Сейфуллин елді мекендерінде 18 су сорғы насосы мен 30 жеке құрам, Қызылқұм ауылдық округіндегі Датқа елді мекенінде 3 су сорғы насосы мен 5 жеке құрам, Ынтымақ ауылдық округіндегі Көрікті елді мекенінде 2 су сорғы насосы мен 5 жеке құрам, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі Бәйтерек елді мекенінде 7 су сорғы насосы мен 12 жеке құрам, Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі Жаңа дала, Достық және Алпамыс елді мекендерінде 6 су сорғы насосы, 1 техника мен 16 жеке құрам, Абай ауылдық округіндегі Халықтар Достығы елді мекенінде 1 су сорғы насосы мен 3 жеке құрам, Мақталы ауылдық округіндегі Мақталы және Жетісу елді мекендерінде 3 су сорғы насосы мен 15 жеке құрам су қашырту жұмыстарын жүргізуде.
Аудан басшысының тікелей тапсырмасымен шұғыл шығындар есебінен қосымша су сорғы насостары сатып алынып, қажетті құрал-саймандар мен жанар-жағар май қажеттілікке сәйкес бөлініп отыр.
Сонымен қатар, аудандағы «Қазсушар» РМК Тік дренаждарды пайдалану өндірістік бөлімшесі тарапынан 2 (МП-350) су сорғыш насостары мен 1 кран, 1 жүк көлігі мен 1 трактор-эксковатор, 17 жеке құрам жұмылдырылып, 82 тік дренаж ұңғымалары үздіксіз жұмыс істеп тұр.
Орын алған қолайсыздықтарға байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөліміне (101,112) қала, кент, ауылдық округтерден түскен 60 хабарлама бойынша төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті әкімдіктер тарапынан қажетті техникалар, жеке құрам жұмылдырылып, су қашыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерге келетін қауіп жоқ. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық әкімдік тарапынан тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырылып, жағдай толықтай бақылауға алынған.
Айта кетейік, аудан әкімі Мұрат Болатұлы мен орынбасарлары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов пен Жетісай Аудандық Мәслихатының депутаттары Айбек Султанмурат , Нұрбол Байтілесовте су қашырту жұмыстарына белсене атсалысып жүр.
СУ ҚАШЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЛҰШЫН СОЗУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТУДА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған