Қаланы абаттандыру жұмыстары биыл да ауқымды түрде жалғасын табады. Соның бірі – қаладағы көпқабатты үйлердің алдынан ойын және спорт алаңшалары салынып, асфальттандыру жүргізілмек.
   Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбай қаладағы әл-Фараби көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің алдынан салынатын құрылыс жобаларымен танысып шықты. Сондай-ақ, әл-Фараби мен Қазыбек би көшелеріне дейінгі орналасқан көпқабатты үйлердің арасына барлығы 11 аулаға ойын және спорт алаңшаларын салу жоспарланған.
  Аудан басшысы тиісті мекеме қызметкерлеріне құрылыс жұмыстарын жүргізбес алдын жобалау сметалық құжаттарын қайта пысықтап, жан-жақты талқылай отырып жұмыс жасау жөнінде тапсырма берді. Көпқабатты үйлердің алдын абаттандыру жұмыстары ағымдағы айдың ішінде бастау алмақ.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
ШАРДАРА: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған