ӘКІМДІК ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті әкімдік отырысы өтті. Мәжіліске аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, аудан әкімінің орынбасарлары Б.Шомпиев, Н.Сапаров, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғ.Амантай және экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Жетпісбаев қатысты. Сондай-ақ, дербес бөлім басшылары пен қала, ауыл әкімдері жиында болды.
Отырыс барысында негізінен күн тәртібіндегі түйіткілді мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, экономика және қаржы бөлімінің алты бойынша атқарған жұмыстарына шолу жасалып, жарты жылдағы қала, ауыл округтерінің әлеуметтік экономикалық даму нәтижелері сөз болды. Сондай-ақ, Шардара қаласы әкімінің 6 айда атқарған жұмыстарының қорытынды жұмыстары тыңдалды. Қала әкімі Е.Бекет бұдан бөлек қала аумағындағы санитарлық тазалық пен көгалдандыру бойынша туындап жатқан өзекті сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар аудан әкімі қала аумағындағы жол белгілері мен баннерлерді жаңарту, қосымша қоқыс жәшіктерін алу керектігін айтты. Одан кейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы С.Көшалиев аудан әкімінің өткен жылдағы қорытынды есебінде туындаған мәселелердің орындалуы бойынша баяндама жасап, жүзеге асырылу барысын айтты.
Жиын барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай баяндамашыларға күн тәртібі бойынша сұрақтар қойып, көтерілген мәселелерді тез арада шешуді тапсырды. Аудан басшысы тиісті тапсырмалар орындалмаған жағдайда жауапты басшыларға шара көретінін жеткізді.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ШАРДАРА