«Алтын бала-Н» бөбекжай балабақшасында Балалардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу мақсатында «Өнерлі ана, талапты қыз» тақырыбында шеберлік сыныбы болып өтті.
Бұл шеберлік сыныбы сағатында қыздар мен аналар өздерінің білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетті. Сайыста Юнусова Ақмарал, Мәлібек Индира, Жұманазар Ақеркелер өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Шеберлік сағаты төрт бөлімнен тұрды. Алғашқы «Сәлем – сәздің атасы» бөлімінде қыздар аналарымен өздерін таныстырды. Екінші «Өз өнері» бөлімінде үйлерінен арнайы дайындап келген өнерлерін аналарымен біргелікте көрсетті. Үшінші «Ас мәзірі» бөлімінде бүлдіршіндеріміз аналарымен біргелікте дәмді салаттар дайындады. Соңғы «Шебер қолдар» бөлімінде ата-аналарға үй тапсырмасы берілді. Бұл сайыста қыздарымызды аналары жаңа қырынан көріп тани білді. Шеберлік сыныбы соңында қатысқан аналарымызға “Шебер ана”, “Өнерлі ана”, “мейірімді ана” номинациялары берілді.
М.РАХИМОВА, «Алтын бала –Н» бөбекжай балабақшасы ЖШС -нің меңгерушісі.