Мырзакент спорт клубының ұйымдастыруымен – Мақтарал ауылдық округінде орналасқан Мақтаарал ауданының білім бөлімінің “Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы” коммуналдық мекемесінің қала сыртындағы жазғы сауықтыру базасында демалушы оқушылар мен ауданымызға танымал жас спортшылардың кездесуі болып өтті.

Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, оларға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген бұл жиынға панкратионнан, жекпе-жектен Қазақстан Республикасының жеңімпаздары, Мырзакент спорт клубының спортшылары – Зұлпан Елдос, Қарсыбай Алижан, Нармұратов Анвар, Сүттібай Бекарыс, Сүттібай Жанарыс қатысып өздерінің спорттағы жетістіктері туралы айтып беріп, оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Бір атап кетерлігі бұл сауықтыру базасында демалушы оқушылардың шымыр болып, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында түрлі спорттық ойындар – «Су асты патшалығында», «100 метр қашықтыққа жүгіру», «Қазына аралы», «Ағам, әпкем және мен» атты туристік сайыс пен «Толағай» секілді эстафеталық спорттық жарыстар тұрақты түрде өткізіледі екен.

Сонымен қатар,  оқушылардың шығармашылық қабілетіндерін арттыру мақсатында «Бейнебаян» мен «Таланттар тартуы» атты байқаулар мен қыз балаларға арналған «Жаз аруы-2024», «Бұрымды қыз-2024» сайыстары да өтіп тұрады.

ОҚУШЫЛАР СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған