Қазіргі таңда Жетісай ауданында әлеуметтік-экономикалық және жол-кұрылыс саласы секілді мәселелерге ерекше мән беріліп, осы бағытта біршама жұмыстар жүзеге асырылуда. Солардың біразына тоқталып өтсек.

      Табиғи газ бойынша 105 елді мекеннің 60 елді мекені газбен қамтылған, бұл елді мекендердің жалпы санының  57 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы 29 елді мекенді табиғи газға қосу үшін 3,4 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Жыл қорытындысымен  14 нысанның (14 елді мекен) құрылыс жұмыстарын аяқтап, табиғи газға қосу жоспарланған. Жыл соңына дейін елді мекендердің табиғи газбен қамтылуы 70,4 пайызға жететін болады. Ал, 15 нысан 2025 жылға өтпелі. Атап айтар болсақ – Ж.Ералиев ауылдық округі, Жеті қазына, С.Сейфуллин, А.Әлімбетов   елді мекендерінің газ өткізгішінің құрылысы. Абай ауылдық округі, Халықтар достығы елді мекенінің газ өткізгішінің құрылысы, Жаңа ауыл ауылдық округінің Қарой, Атақоныс,  Мырзашөл, Әбдіхалық  елді мекендерінің газ құбырларының құрылысы, Жаңа ауыл елді мекенінің газ өткізгішінің құрылысы. Қызылқұм ауылдық округінің, Қызылқұм елді мекенінің газ өткізгішінің құрылысы, Датқа елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы, Қарасақал елді мекеніне газ құбырын салу. Мақталы ауылдық округі Дархан елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы, Алмалы, Мақталы елді мекендеріне  газ құбырын салу.

Аудан электр қуатымен толық қамтылған. 2024 жылға елді мекендердегі жаңадан түскен көшелерге сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында  2 нысанға 1,1 млрд.теңге қаржы қарастырылып 1 нысан пайдалануға беріледі. Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Жаңа ауыл, Ынтымақ, Атақоныс елді мекендерін электр қуатымен жабдықтау нысаны ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде пайдалануға қабылданды. Ал, 80 гектардағы подстанция құрылысы 2025 жылға өтпелі.  Сонымен қатар, элeктр жeлiлерiн салу және КТП орнату мақсатында Ж.Ералиев ауылдық округіндегі 8 елді мекенге, Абай ауылдық округіндегі 5 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыру үшін тиісті басқармаға ұсынылған.

Бүгінгі күні қала, кент және ауылдық округтерге қарасты  105 елді мекен толық орталықтандырылғын ауыз су құбырымен қамтылған. Халық саны бойынша 100 пайызды құрайды. 2024 жылға өтпелі Қазыбек би, Жаңа ауыл, Ж.Ералиев ауылдық округтеріндегі құрылысы жүріп жатқан ауыз су нысандарына үстіміздегі жылы 1,2 млрд.теңге қаржы қарастырылып 2 нысан ағымдағы жылдың 15 тамызында пайдалануға қабылданды. Ал, 1 нысан 2025 жылға өтпелі (Жаңа ауыл). Толықтырақ айтқанда – «Жаңа ауыл а/о Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атаконыс е/м сумен жабдықтау», мердігер мекеме «Арай-НС» ЖШС, сметалық құны 3,5 млрд.теңге, бөлінген қаржы 1,1 млрд.теңге, халық саны 12437).

Қазыбек би ауылдық округінің Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру» мердігер мекеме «Exclusive Stroy Corporation» ЖШС, сметалық құны 481,0 млн.теңге, бөлінген қаржы 46,8 млн.теңге, халық саны 2678. Нысан пайдалануға қабылданған. «Ж.Ералиев ауылдық округінің Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру» мердігер мекеме «Exclusive Stroy Corporation» ЖШС, сметалық құны 692,5 млн.теңге, бөлінген қаржы 67,6 млн.теңге, халық саны 1967. Нысан пайдалануға қабылданған. Бұдан бөлек 10 елді мекеннің ауыз су жүйесіне жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Нақты айтар болсақ – Алпамыс, Достық, Қызылтаң, Сайлау, Зерделі, Абай, Ғ.Мұратбаев, Қосқұдық, Таубай ата, Алмалы).

2024 жылға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға 1,8 млрд. теңге бағытталған. Атап айтқанда: «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1,2 млрд. теңгеге Ә.Оспанов, Құрбан ата, Сырабат, Сәтпаев, елді мекендеріндегі және Ж.Ералиев, Ынтымақ ауылдық округтеріндегі жалпы ұзындығы 42,1 шақырымды құрайтын 50 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Жергілікті бюджет және субвенция есебінен 539,0 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 17,17 шақырымды құрайтын 15 көшеге орташа жөндеу, 99,0 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 8,4 шақырымды құрайтын 15 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс саласында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылға өтпелі «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінен 600 орындық мектептердің құрылысы жүргізілуде.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі басым бағыт болып табылады. Ағымдағы жылы Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 гектар аумағындағы құрылысы аяқталған 5 қабатты 3 тұрғын үй 60 пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға берілді. 80 гектар аумақтағы құрылысы 2019 жылы басталып қазіргі таңда тоқтап тұрған 3 тұрғын үйдің құрылысын жалғастырып, пайдалануға тапсыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нақты айтар болсақ – 60 пәтерлі 2 тұрғын үй және 20 пәтерлі 1 тұрғын үй.  Яғни, Асықата кентінде 3 қабатты 54 пәтер, Ш.Ділдәбеков ауылдық округі Қызыл таң елді мекенінде 2 қабатты 16 пәтер, Қазыбек би ауылдық округі Қазыбек би елді мекенінен 2 қабатты 16 пәтерлі, Ә.Оспанов елді мекенінде 1 қабатты 8 пәтерлі арендалық үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

МАҢЫЗДЫ САЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған