Жетісай ауданында шағын мал бордақылау алаңдарының қатары жыл санап артып келеді. Солардың бірі – Жылы Су ауылдық округі ӘЛ ФАРАБИ елдімекеніндегі «Шаукат» шаруа қожалығы. Аталған қожалықта бүгінде 80 жылқы мен 50 ірі қара мал бордақылануда. Осы шаруашылықта өндірілген ет өнімдерін негізінен Жетісай қаласы мен Жылы су ауыл округінің халқы тұтынады.
Қожалық төрағасы Бабаев Камил бұл кәсіпті осыдан 7-8 жыл бұрын қолға алыпты. Бордақыланатын малдың жем-шөбі қожалықтың өзінде әзірленеді екен. Биыл қожалыққа тиесілі 60 гектар жердің 20 гектарына жүгері мен 5 гектарына жоңышқа еккен. «Жем-шөп өзімізде әзірленгендіктен шығын да көп кете қоймайды. Малды союдан бөлек семіртіпте сатамыз. Тапсырысты үйлеріне дейін жеткізіп беремін. Алдағы уақытта жер көлемін ұлғайту мақсатында агрегаттық техникалар сатып алдым. » дейді қожалық төрағасы.

МАЛ БОРДАҚЫЛАУДЫҢ ПАЙДАСЫН КӨРІП ОТЫР