Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Мақтаарал ауданында аудан әкімінің бастамасымен «Amanat» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінен татуластыру (медиация) орталығын құру және оның ережелерін бекіту бойынша мәжіліс өтті.
Аудан әкімі Б.Асановтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық соттың төрағасы Қ.Мұсаев, аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков, «Аманат» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Д.Асабаев, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, билері, ардагерлері және имамдары қатысты.
Жиын барысында аудан әкімінің бастамасымен татуластыру орталығын құру жөнінде ұсыныс айтылып, орталықтың ережесінің жобасы таныстырылды. Жобада жалпы ережелер, орталықтың мақсаты мен міндеті, басшылық жасау тәртібі, оның жұмысын ұйымдастыру, құрамын бекіту, хатшылық жасау мәселелері нақты көрсетілген.
Алқалы жиынның нәтижесімен «Amanat» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінен татуластыру (медиация) орталығы құрылды. Сондай-ақ, орталықтың Атакент өңіріне жауапты болып Қалжан Мырзақұлов, Жасұзақ Сыдықовтар, Мырзакент өңіріне Сейітбек Оңғаров, Сейітхан Абдиевтер бекітілді.
Айта кетейік, ҚР-ның заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу барысында, қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.
МАҚТААРАЛДА ТАТУЛАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған