Мақтаарал ауданында пробация қызметінің есібінде тұрған адамдарды биылға белгіленген квотамен жұмысқа орналастыру және пробация қызметінің 3 айлық есебі бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша арнайы отырыс өтті.

  Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Мұса, аудан прокуратурасының аға прокуроры Ж.Сарсенбай, ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Джумадиллаев, аудандық Пробация қызметі бөлімінің басшысы Н.Сабаев, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Мақтаарал аудандық филиалының басшысы Н.Әбдіразақова және осы салаға жауапты мамандар қатысты.

  Күн тәртібінде пробация қызметінің есебіндегі азаматтар үшін жұмыс орындарына белгіленген квота жұмыстарының барысы талқыланып, 2021 жылы әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің мәселелері қарастырылды.

  Қазіргі таңда пробациялық бақылау белгіленген 95 сотталғанның 93-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 74 адам пробация арқылы жұмыспен қамтылған. Сондай-а, 19 адам өз-өзін жұмыспен қамтыған.
   Мақтаарал ауданының әкімінің арнайы қаулысымен 1% квотасы белгіленген. Қаулы бойынша жалпы саны 6 жұмыс орны белгіленген. Аталған құжат негізінде сотталғандарды жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілуде.
  Айта кетейік, 3 айдың қорытындысы бойынша жалпы саны 20 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 5 азамат ауылдық округтерге ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған. 1 сотталған азамат «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы тарапынан «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкер негіздерінде оқу үшін жолданған.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
МАҚТААРАЛДА ПРОБАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған