13 жылдық өзіндік тарихы бар, осы уақыт ішінде ауданымыздың даңқын республикаға кеңінен танып үлгерген  «Мақтаарал» футбол клубы 2024 жылы екінші лига командалары арасында Ел біріншілігіне қатысып, жалпы 22 ойын өткізді. Нәтижесінде 41 ұпаймен футбол маусымын 4-орынмен аяқтады.

Футбол маусымының 2024 жылғы сонғы ойынын жергілікті команда өз алаңында «Талас» командасын қабылдап, 5-1 есебімен ірі жеңіске жетіп, команда жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлады.

Осы жерде айта кетерлік жай «Мақтаарал» футбол клубы 2011 жылы құрылып, 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының футболдан «Екінші лига», «Бірінші лига» және «Премьер лига» командалары арасында нәтижелі ойын көрсетіп, алдыңғы қатарлардан көрініп жүрді.

Біздің ауданымызға түрлі деңгейдегі командалар келіп, «Мақтааралмен» ойнаған ойындарын көрген жасөспірімдер арасында футболға деген қызығушылықтары оянып, спортпен осы түрімен шұғылданушылар саны жылдан-жылға артып келеді.

«МАҚТААРАЛ» КЛУБЫ БИЫЛҒЫ ФУТБОЛ МАУСЫМЫН АЯҚТАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған