Түркістан облысы Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»-ның білікті теолог маманы Айдана Сейдуәлі Мақтаарал ауданына арнайы іс-сапармен келіп, бірнеше кездесу өткізді.
Облыс орталығынан келген маман, Мақтаарал ауданы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі А.Махсудамен біргелікте ауданымыздың қыз-келіншектермен бірнеше кездесулер өткізіп, олармен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында сұхбаттасты. Бұл кездесулерде теолог-маамандар қыз-келіншектерге қоғамымызға қауіп төндіруші жат ағымнан сақтану жолдарын жан-жақты түсіндірді.
Рухани маңызы ерекше осы іс шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан оған қатысқан әйел-қыздарға танымдық кітаптар сыйға таратылды.
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ