«Бірлік» ауылдық округіне қарасты «Алғабас» елдімекенінде шағын стадион ел игілігіне берілді.

         Осы спорт нысанының ашылу салтанатына – ауданымыздың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Полатов, ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шықынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Тәтеев, округтің әкімі Сәкен Кенжеев және ардагерлер, мәслихат депутаттары, осы ауылдың белсенді азаматтары мен тұрғындары қатысты.

         Ашылу салтанатында Ғ.Полатов: «Спорт – мемлекетіміздің мерейін асырып, мәртебесін арттыратын маңызды сала. Спортшыларымыздың жетістігі арқылы еліміздің, өңіріміздің, тіпті ауылымыздың абыройы асқақтап, беделі еселенеді. Елдің үміті мен тілегін арқалап, сенім үдесінен шыға білетін, ел мен жер абыройын қорғай білетін білекті де жүректі спортшыларымыздың қатары көбейіп, аудан спортының жетістіктері мен табыстары арта берсін!» – деп, осы жерде жаттығатын жастарға сәттілік тіледі.

         Сонымен қатар, осы іс-шараға арнайы келген аудан ардагерлері де ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен шын жүректерімен құттықтап, шағын спорт алаңшасының ашылуы аясында өтіп жатқан футбол жарысына қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетсек, осы шағын спорт алаңшасын салуға аудан бюджетінен 19 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалып, құрылыс жұмыстарын мердігер «Строй Монтаж» ЖШС жүргізген.

КЕЗЕКТІ ШАҒЫН СТАДИОН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған