Сүрінгенге сүйеу болу – кәсіби міндет қана емес, адамгершілік парыз. Тағдыр талайында әркімнің ешкімге ұқсамайтын өзіндік көзқарасы, ұдайы ізденіспен тапқан дара жолы бар. Сол секілді прокуратура саласы шындықты, әділеттілікті талап етеді. Ізденіс, турашылдық, жауапкершілік. Бұл үш қасиет қадағалаушы орган қызметкерлеріне тән. Тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдары өзінің қалыптасу жолдарынан өтті. Прокуратураның беделі еселеп өсіп, оның әлеуметтік маңыздылығы арта түсті.
     Мемлекет басшысы қойып отырған маңызды міндеттерді орындай отырып, прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегіне айналды. Прокурорлық қадағалау қоғам өмірінің барлық маңызды салаларын қамтиды, ал, тиімді құқық қорғаушылық мақсат пен заң үстемдігі оның қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Прокурорлардың күш-жігері қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтудың, азаматтардың еңбек және экономикалық құқықтарын қорғаудың ең маңызды бағыттарына шоғырландырылған.
   Прокуратура қызметкерлерінің әрбір толқыны өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп және таңдап алған кәсіптеріне адалдық таныта отырып, қадағалау органдарының қалыптасу шежіресіне өз үлестерін қосып келеді. Ал, заңдылық пен әділеттіліктің басты қағидаларын нығайтуға үлес қосқан прокурорлар шын көңілден айтылатын ерекше жылы лебізге лайық.
  Құрметті прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!
«6-желтоқсан Прокуратура күні» кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
   Сіздерге және әрқайсыңыздың отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт және қызметтеріңізге жаңа серпін тілеймін! Заңдылықты нығайту жолындағы жауапкершілігі зор міндеттерді орындауда және егемен Қазақстанның одан әрі құқықтық ел болып қалыптасуына арналған жасампаз еңбек жолында мол жетістіктерге жете беріңіздер! Ел мерейін асырып, ердің үмітін ақтап, адал еңбектің жаршысы болып аман жүріңіздер!
Құрметпен,
ҚАДЫРБЕК Мұрат Болатұлы
Жетісай ауданының әкімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫНА 30 ЖЫЛ!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған