Қазақстан баскетбол құрамасының 5 ойыншысы, Түркістан облысының құрамасының 80%-ы Мақтааралдың тумаларынан жасақталған. Ал, биылдың өзінде Мақтааралдың мектеп оқушыларынан құралған 5 баскетбол құрамасы ҚР-ның Чемпионы атанған.
 Бүгін ҚР Баскетбол федерациясының мемлекеттік жаттықтырушысы Иван Сергеевич Гайна Алматы қаласынан мақталы Мақтаарал ауданына арнайы ат басын бұрып, аудан әкімі Бақыт Асановтың қабылдауында болды.
  Жиын барысында Мемлекеттік жаттықтырушы мақталы өңірден көптеген мықты баскетболшылар шығып жатқанын тілге тиек етіп, ауданда спорттың осы түріне жасалып жатқан жағдай үшін аудан әкіміне өз алғысын білдірді. Ал, аудан басшысы қонаққа осы өңірдің тыныс-тірлішігі туралы таныстырып, ауданда баскетболдың дамуына тікелей атсалысып жатқан тренерлер Нұрлан Катешов пен Медет Катешовтардың еңбегі орасан екенін жеткізді.
     Айта кетейік, Мақтаарал ауданының баскетбол командалары 2021 жылдың өзінде көптеген жетістіктерге жеткен. Атап айтқанда, ҚР Чемпионатында 2003-2004, 2004-2005, 2006-2007, 2008-2009, 2009-2010 жылғылардан құралған 5 бірдей командамыз еліміздің чемпиондары атанды. Сондай-ақ, бұған дейін халықаралық жарыстардың да чемпионы болған командаларымыз бар.
                                                                                                                        Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
ИВАН СЕРГЕЕВИЧ ГАЙНА АЛМАТЫДАН МАҚТААРАЛҒА АРНАЙЫ КЕЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған