«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен «Береке» мектебінің 9-10-11 сынып оқушыларына «Ислам діннің мақсаты – тыныштық пен бейбітшілік» атты атты тақырыппен кездесу өткізілді.
Басты мақсаты: оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру болған осы жиынға, аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог инспекторы Демеусін Бекқожа, Бірлік ауылдық округі мешітінің имамы Алихан Байменов, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мекемесінің инспекторы Бағжан Мүтәл қатысты.
Шара басында осы білім ордасының директоры М.Даубаева оқушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен және қонақтармен таныстырып өтсе, Д.Бекқожа мырза оқушыларға қазіргі кездегі ұлттық салт-дәстүрдің Ислам дінімен арадағы қатынас пен ондағы шешімін табуға тиісті өзекті мәселелерді, сондай-ақ өкінішке орай қазақ қоғамын бүгінде жайлап бара жатқан түрлі дәстүрлі емес діни ағымдар жайлы, олармен қалай күресу мен сақтану жолдары жайлы және әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты маңызды ақпараттар айтып берді. Ал, сөзге шыққан ауыл мешітінің имамы А.Бәйменов оқушыларға діни наным-сенім мен олардың пайдасы және зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып баяндады.
Кездесу соңында оқушылар мамандарға осы тақырыпта өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, соларға нақты жауаптар алды.