Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сай, «Ерке Сұлу» бөбекжай-балабақшасында «Инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдануда баланың тұлғасын дамытуға ықпал ету» тақырыбында ашық оқу – қызметі болып өтті.
Балабақша тәрбиешілері М.Сайдмуратова ортаңғы топта: «Денсаулық» білім беру саласы бойынша, тәрбиеші Л.Сәрсенбаева ересек топта: «Таным» білім беру саласы бойынша, тәрбиеші Ж.Альжаппарова ересек орыс тобында: «Таным» білім беру саласы бойынша ұйымдастырған оқу-қызметтерімен бөлісті.
Мақсат – инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуына ықпал ете отырып, баланың еркін дамуын, жан-жақты білім алуына, белсенді әрі шығармашыл болуына жағдай жасау. Жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелейді.
Балабақша педагогтары, бала өміріне немқұрайлы қарамай, қазіргі заман талабына сай, тәрбие, білім берсек қана, бүлдіршіндердің болашағы жарқын болматынын айта келе, ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамыздың міндетіміз, деп қорытындылады.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ — БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТАДЫ