Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы 41-ші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz
Қазақстандық боксшы Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде поляк Камил Шереметамен жұдырықтасып, өзіне тиесілі IBF және IBO белбеулерін қорғады.Головкин бірінші раундтың соңында польшалық боксшыны нокдаунға түсірді. Шеремета екінші және төртінші раундта да нокдаунға түсіп алды. 7-раундтан кейін жекпе-жек нәтижесі белгілі болды. Осы кезде Шеремета кездесуді жалғастырудан бас тартты. Осылайша қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.Головкин осымен кәсіпқой рингтегі 41-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 36-сын нокаутпен аяқтаған болатын. Бір рет жеңіліс тапты. Ал Камил Шеремета мансабында алғаш рет жеңілді. Бұған дейін поляк 21 жекпе-жекті (5-еуі нокаутпен) жеңіспен аяқтаған еді.Бұған дейін «GGG рекордтық 21-титулын қорғай ала ма?» деп жазған болатынбыз.