Біз облыстан,мегаполистен шалғай жатқан қалашықпыз. Өркениет дамыған, интернет белсенді қолданыста жүрген мына заманда мұндағы менталитеттің басым бөлігі балалардың музыканы яғни аспап меңгеруді жаппай таңдауына аса назар аударып жатқан жоқ деп айталамын. Десекте”ел іші кен іші” өз қалауымен немесе атананың ықпалымен келуші  балаларымызда  баршылық. Мектепке келген көп бала домбыраны ұстасам болды  ойнап кетемін деген жеңіл ойда болады. Ал уақыт өте  шағын шығраманы аяқтау үшінде көп нәрсені мысалы:телефонды,уақытты құрбан етіп  күш жұмсап еңбекету керектігін сезінген сайын кей баланың артқа шегінуге таңдау жасайтыны жиі кездесіп жатады. Бұл жағдай мұғалімнің бірааз еңбегінің еш кеткені деген сөз.Тоқсанның ортасында келген жаңа баламен тағыда қарқынды жұмыс басталады…

Осы орайда мен  жоғарыдағы баяндамамның тақырыбына оралмақпын”Домбыра аспабын үйретуде оқушылардың музыкалық қабілеттерімен орындаушылық белсенділігін қалай дамытамыз? “деген өзімдіде мазалап жүрген мәселелермен ой бөліспекпін. Кетемін деп шешім қабылдаған баланы ұстап тұралмаймыз. Мәселе жылдың жартысында келген оқушының музыкалық қабілеттерін арттыра отырып оның орындаушылық белсенділігін көтеруде болып тұр.

Қосымша білім беру мекемесінің білімдік талаптарымузыка мектептерімен сәйкестендірілмеген. Бұл уақыт өткен сайын айқын көрініс табуда. Оған дәлел, аптасайын облыстан, аудан білім басқармасынан келген тапсырмалар оқушыларымызбен шығармашылықтан гөрі тәрбиелік жұмыстармен айналысуымызды талап етеді. Бұл тәртіп. Осы жағдай әр сыныптың бағдарлама бойынша орындауға тиіс тоқсандық  талабына қосымша мұғалімнің оқушымен бірігіп тәрбиелік кештер өткізуін міндеттейді. Мен зейнет жасындағы мұғаліммін.Ұстаздық еткен 42 жылдықтәжірибемде ылғида дайын, бекітілген, нұсқаулығы бар дүниелермен жұмыс жасап келдік.Енді байқасам осы заманның талабымен мүмкіндігіне сай мұғалім оқушыларына дер кезінде қажетті оқулықты өзіде шығарып ұсына алатын уақытта өмір сүруде екенбіз.Ендеше өз  оқушылырымыздың жағдайын жақсы жағына неге өзіміз өзгертпеске, бір қағидаларға қатып қалмай.

Әр бала жеке тұлға, оның физикалық анатомиялық психалогиялықта құрылымдары сан алуан, бір-біріне мүлдем ұқсамайды,яғни қабылдау, меңгеру қабілеттеріде әр түрлі, біреуі кеш біреуі ерте дегендей.Ал енді ерекше талантты баламен сөз басқаша.Оның қабілеті оның жас ерекшелігініңде, сыныбыныңда айырмашылығына қаратпайды. Мұндай оқушымен жұмыс жасаған мұғалімде нұрланып ұстаздық пейілмен баланы жаңа қырынан аша түсу мақсатында ізденіс үстінде болады. Талантқа шек жоқ, оны тоқтатауда мүмкін емес.Бірақ бізге барлық кезде таланты бірден көзге көрініп тұрған бала келіп жатқан жоққой. Мәселенің өзектілігі сол сабаққа келіп жүрген оқушылар кіші сыныптардың балалары болуында.Домбыраны таяқ деп ұстамаған балаға тоқсан талаптарынангөрі сазды, қысқа, тез жатталатын әуендер қажет-ақ.

Тоқсандық емтиханда оқушыңның орындаған шығармасы тартымды болып бала сенімді орындап шықса, қайталанбаса, бұл әр ұстаздың талғампаздығы сияқты. Кейде ұнатып тұрсаңда әріптесіңнің оқушысы орындаған дүниесін  сен өз оқушыңа бергің келмейді, жаңалық іздейсің. Осы  жағдайға  орай  жақында болып жатқан жағдайдан мысал келтірмекпін. Өнер орталығына қосымша сабаққа келген өте кішкентай бала мектепте 2сын, сабақтың талаптарын түсінбеймінез көрсетіп, арасында сабаққа келмей қалып жүріп  үйренген  бір әні оны қатты өзгертті, жаңа жылға тағы да бір ән жаттадық, Д.Мацуциннің «Зырлайды шанамыз»  атты әні оны өз мектебінің сахнасында  жұлдыз қылды. Енді  күнде хабарласып өзінің басқада әндерді үйреніп жатқанын баяндайды.

Әр балаға жеке қарам қатынас керек, уақыт керек. Сонымен балаларымызға, оқушыларымызға  ән үйретейік . Жақында дыбыс жазатын студияда болдым, жаңа жыл қарсаңы болатын, ән айтуға ынталы бала көбақ екен, әттең бірде біреуі дыбысты дәл тауып айтып жатқан жоқ. Тоналдікке түсалмауда, әрлеушінің жұмысы қиын екен, күн ұзаққа неше баладан фольш естіп құлағыда шаршайтын болар.Баяғы балалардың хор кластары қайда кеттіекен? дедім.Біз мұғалімдер көбінесе репертуардан тұйыққа тіреліп жатамыз, тағыда сол баяғы дайын кітаптарды ақтарып орыс әндеріне жүгіне береміз. Бігінгі менің ұсынғалы отырған дүниелерім әуені құлаққа жағымды ырғақ құрылыстарыда күрделі емес өзіміз естіпте жүрген балалар әндерінің домбыраға лайықталған нұсқасы.

1.Отаным тірегім,           2.Отаным- күндерім,                             Отаным жүрегім.    Отаным –үндерім.

Отаным жігерім,                   Отаным –гүлдерім,

Отаным білерім.                   Кеудемде жүр менің.

Түркістан облысы, Жетісай ауданы

№1 «Жетісай балалар өнер мектебі»

МКҚК домбыра пәнінің мұғалімі

Джаилганова Карилгаш Мухангалиевна.

ДОМБЫРА АСПАБЫН ҮЙРЕТУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІМЕН ОРЫНДАУШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған