Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен, “Жас алаш” ЖОМ-нің 9-10-11 сынып оқушыларына «Дін және дәстүр» атты кездесу өткізілді.
Мақсаты – оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру болған жиынға, Түркістан облыстық Дін істері басқармасы мекемесі, «Дін мәселелері зерттеу орталығы» мекемесінің теолог маманы – Д.Аманов, Мақтажан елді мекенінде Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” мекемесінің инспекторы Бағжан Мүтәл қатысты. Шәмшиев Бөгенбай оқушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен және қонақтармен таныстырды.
Д.Аманов мырза оқушыларға қазіргі кездегі салт -дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай- ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары жайлы және әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты екенін айтып өтті.
Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен, “Жас алаш” жалы орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушыларына қазіргі кездегі салт -дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай- ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары жайлы және әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты екенін түсіндірді.