«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының ағымдағы жылға жасалған жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихат депутаттары Гүлмира Тұрсынханқызы Саржанова мен «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының орынбасары Әділхан Асауов Жетісай ауданының құрметті азаматы, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан, бүгінде зейнеткерлікке шықса да қоғамдық істерден қол үзбеген партия ардагерлері Есен Ағабаев пен Майра Ағабаеваның шаңырағында болды.
«КАНВАССИНГ» форматында өткен жүздесу барысында халық қалаулылары ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында аудан тұрғындарының тұрмыстық әл-ахуалын жақсартуға бағытталған жоспарларын, ауданында атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды.
«Ел игілігі жолында партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға, игі бастамаларға қанықпыз. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз, абыройлы болыңыздар» деді кездесу барысында денсаулық сақтау саласының ардагері Есен Ағабаев.
«Nur Otan» партиясының негізін қалаушы ардагер Майра Ағабаева аудандық партия филиалының Саяси Кеңес Бюросы тарапынан атқарылатын істердің сапасы мен уақытылы жүзеге асырылуын қадағалауға ауданның зиялы қауым өкілдерінен бастап түрлі салалардан сарапшыларды, азаматтық қоғам белсенділерін, партия ардагерлерін тарту арқылы ашықтық пен жариялылықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуді ұсынды.
Депутаттар сайлауалды бағдарламаның 7 бағыты бойынша жоспарларды жүзеге асыру ісінде қабылданған жол картасы бойынша әлеуметтік, білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту салаларында кешенді жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Жол картасының жүзеге асырылуын аудандық мәслихаттың депутаттары қатаң бақылауға алатындықтарын жеткізді.
Партия ардагерлері кездесу соңында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарар жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
ДЕПУТАТТАР ПАРТИЯ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ