Облыс әкімінің өкімімен Қайыпбек Қанат Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қайыпбек Қанат 1984 жылы Түркістан облысы Төлеби ауданында туған. Білімі жоғары. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің көшіру-көбейту техникалар бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. 2005-2009 жылдары осы департаменттің сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманының м.а., сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманы, сондай-ақ аталған департаменттің жиынтық-сараптамалық бөлімінің бас маманы болған. 2009-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2013-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2019-2020 жылы Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2020 жылдан бері Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған