Білім беру дағдысы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным».

Білім беру бөлімі: «Қазақ тілі», «Жапсыру», «Қоршаған ортамен танысу».

«Тақырыбы: «25-қазан Республика күні»

Мақсаты: Балалардың отан, Қазақстан, Туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.Балалардың сөздік қорларын байыту.

Әдіс-тәсілдері:  тосын сәт, әңгімелеу, түсіндіру, ой қозғау, көңіл-күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, ойын, сұрақ-жауап, қорытынды.

Көрнекілігі: слайд бойынша тақырыпқа байланысты суреттер, додекеда, желім.

Сөзік қоры: Отан , Республика.

Билингвальды компонент: отан – родина,

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: балаларға отан  туралы тақпақтар жаттату.
Барысы:
Шаттық шеңбері.
Армысың алтын күн!
Армысың кең далам!

Қайырлы таң ұстазым!

Қайырлы таң достарым!

Шеңберге біз тұрайық,

Жылулықты сыйлайық!

Доброе утро, учитель!

Доброе утро,друзья!

Посматрите друг-друга,

Пожелайте добра!
(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).

Республика Гимні!

ҚР.Гимні орындалады.

Балалар Гимінді орындап болғаннан кейін отырады.
Тосын сәт: Осы кезде саяхатшы кіріп келеді.

Саяхатшы:-Бұл қай республика екен ?

Тәрбиеші: -Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем ,біздің елге басқа жақтан келгенсіз-ау деймін.

Саяхатшы: -Мен ел аралап жүрген саяхатшымын.Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің  бақытты балалары екен білейін деп келдім

Тәрбиеші: Олай болса қош келдіңіз!Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өтейін деп жатырмыз

Саяхатшы:-Балалар сендер қай республика тұрасыңдар ?(балалардың жауабы ).

Саяхатшы: -Президенттерің кім?

Саяхатшы: ҚР рәміздерін білесіңдер ме?

Саяхатшы: өте жақсы
Тәрбиеші: Біздің балалар тақпақ, мақал-мәтелдер де біледі.

Омар:Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам

Нурикамал:Найзаның ұшымен қорғаған,
Халқым менің мықты ғой.
Ата-бабам әрқашан,
Салт – дәстүрін сақтаған

 Алихан:Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.

Мадина:Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.

Дидар:Әрбір қазақ батыры,
Желбіреткен көк туын.
Кен байтақ жерге қазағым,
Егін егіп, мал жайған.

Ерсайын:Отан – сенің ата – анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан – өлкең, астанаң

А.Алинұр:Отан – атам, Отан – әкем

Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен.
Айару:Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.

Мухамеджан:Отан от басынан басталады.

Сұлтан:Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Аяулым:Отан қадіріне жетпеген

өз қадіріне жетпейді.

Каусар:Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық

Нұрали:Отан үшін күрес — елге тиген үлес.


жүргізеді, өрт сөндіруші – өрт сөндіреді.

Сяхатшы: Жарайсыңдар балалар өркендерің өссін талаптарың оң болсын  Енді мен қайтайын.Сендерге тілейтінім білімді,ақылды,елін қорғайтын азамат болыңдар.Көріскеше сау болыңдар балалар!

Балалар- Рахмет сізге Саяхатшы аға сау болыңыздар!
(Саяхатшы балалармен қоштасып шығып кетеді.)

Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар

Керегелер керіліп

Өрімдей болып өрілер

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып керілер.

Жарайсыңдар балалар,

Тәуелсіздік куніне арналған алдын ала дайындап  қағаздан қиылған бәйтерек ғимаратын қағазға жапсырамыз.Кәне барлығымыз шығармашылық алаңына барайық.
Дидактикалық ойын: «Додекеда»

Ән: «Туған ел»
Балалар әрбір өсіп келе жатқан жеткіншек өз елін,жерін отанын қорғауы,сүйуі,құрметтеуі тиіс.

Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды:  Тәрбиешінің айтқан сөздерін тыңдайды көрсетілімге назар аударады.

Түсінеді: Тақпақтар мен өлеңдерді айтады 

Қолданады:Отанды сүю, құрметтеу патриоттық сезімдерін арттыру.

Наширова Айгүл Тагаевна, ЖШС «Қалыкүл-Ана» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

БАҚШАДА  ӨТКЕН ШАРА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған