Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Танымдық  және зияткерлік дағдылар.Коммуникативтік дағдылар.Әлеуметтік-эмоционалды дағдылар.

Мақсаты: Балалардың ұлтандыққа,отансүйгіштікке, тарихын,мәдениетін,салт-дәстүрін,ана тілін сүюге тәрбиелей отырып балаларға ою-өрнек туралы мағлұматтар беру; ою-өрнекпен жұмыс істеу технологиясын үйрету.Шығармашылық жұмыстар,ұлттық ойындар арқылы қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер:Ұлттық бұрыш,ою-өрнектер,суреттер,шаңырақ,түрлі-түсті тақиялар,әр бала білегінде қызыл,жасыл,сары түсті білезіктер,бояулар,жіп, тақиялар.

Сәлемдесу.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз.

Әдеппенен сіздерге

Бас иеміз біз.

Шатттық шеңбер.

Амансыңба алтын күн

Амансыңба Жер-Ана

Амансыңба,достарым

Сендерді көрсем қуанам.

Балалар, бір-бірімізді көрсек қуанамыз,солай ма,ендеше қуанышымызды білдірейікші.Жарайсыңдар.

-Балалар, қараңдаршы біздің күніміз көңілсіз,күнді көңілді болуы үшін күннің күлтелерін орналастырайық(балалар күннің күлтелерін құрастыру)

Ғажайып сәт.

Ой,балалар қараңдаршы мына қоржын қайдан келді екен,мұны біздің топқа кім әкеп қойды екен?

Телефон шылдыры.

Тәрбиеші: Алло,алло

Әже: Сәлеметсізбе, Оразкүл апай,балалар?.Сендерге барамын деп ем, бара алмадым,мен өте ұзақта тұрамын,қыс мезгілі жаурап қалармын дедім.Ал,бірақ мен сендерге әдемі тақиялар тігіп қоржының ішінде салып  жібердім және   ертегі кейіпкерлерінің қуыршақтарын және өзім сендерге деп жинаған асықтарымды  беріп жібердім.Сол қуыршақтар қай ертегі кейіпкерлері екенін,асықтардың түстерін таба алар деп білімдеріңді білгім келіп тапсырмалар беріп жібердім.Әжелеріңді қуандырады деп сенемін; Ендеше,сау болыңдар!

Тәрбиеші: Міне,қараңдаршы,әжей бізге түрлі-түсті оюлы тақиялар тігіп беріп жіберіпті.Тақияларды санайықшы 1.2.3.4

Асықтардың түстерін айтамыз( көк,қызыл,жасыл,сары)

Қандай ертегілерді білесіңдер? Мына қуыршақтақтар қай ертегілерде бар?

Ендеше,әжейдің тапсырмасын орындауға кірісейік.

1 тапсырма: Жұмбақ:

1.Төрт тағанды бойы бар

 Момындық дұрыс ойы бар.

Кербезденіп жүреді

Айналдыра киген тоны бар  (Қошқар)

2.Кезікті бір жануар үстінде бір тауы бар.  (Түйе)

3.Адамға серік

Күзетке берік  Ол қай жануар? (ит)

Ал,сендер осы жануарлар жайлы тақпақтар білесіңдер ме?

Ендеше,мен сендерге тақпақ айтамын сендер жаттап алыңдар.

Қой баласы-қоңырым,

Ұя бұзбас момыным

Шопа ата-түлігі-

Қошақаным қайдасың?

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай,

ойсыл қара баласы-

Ботақаы  қайдасың?

Күшігім менің-ақтабан

Бекер қарап жатпаған.

Сиыр кірсе қораға

 Қорадан қуып тастаған.

2 тапсырма:  Ою атауларын білесіңдерме?

Балалар, қараңдаршы ертеректе біздің ата-бабаларымыз  ою осы біз атаған үй жануарларынан алынғын,мына қошқар мүйізі ,түйе жануары,иттің құйрығына да байланысты ою атауы бар екен.

3 тапсырма:

Қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?(балалардың жауабы)

«Шаңырақ»ойыны

Ойын шарты: Балалар әуенмен шеңбер бойлап билеп жүреді,(әр бала өз тақиясын алдыңғы балаға кигізіп жүреді)әуен тоқтаса белгіленген түстер бойынша орталықта тұрған түсін дұрыс тауып шаңырақты жоғары көтеру.Түсін дәл табу және жылдамдықпен жеңіске жету.

Кәне,балалар бойымызды қазақ халқының  «қара жорға»биімен бой сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

 «Қара жорға» биі

-жарайсыңдар,балалар сендер әжейдің бізге беріп жіберген үш тапсырмасында жақсы орындай алдыңдар.Енді,біз өзіміздің қолымыздағы түстерге қарай орталықтарға бөлінетін боламыз.

Тапсырмалар:

1.            Тіс пастасы арқылы ою бейнесін жасау.

2.            Ою түстеріне қарай асықтарды жинау

3.            Әшекей тақия(тақияға жіп арқылы ою жапсыру).

4.            Арнайы қоспа жасалынған шармен зерттеу жасау жұмыстары.

–Жарайсыңдар,балалар әр орталықтағы балалар әжеміздің тапсырмасын өте ұқыпты,керемет орындадыңдар.Осы орындаған тапсырмаларыңды әжеміздің вацабына жіберіп жақсы деген бағасын алайық (вацап,видео арқылы әжемізбен қайырласу)

Қорытынды: Жарайсыңдар балалар бүгінгі іс-әрекеттен сендерге қай тапсырма ұнады?(балалардың жауабы)

Әженің тапсырмаларын өте керемет орындадыңдар.Рахмет,балалар.

Алтынбаева Оразкуль Жуматаевна,

Жетісай ауданы «Жылы су»ауыл округіне қарасты «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі.

«ӘЖЕМНІҢ ҚОРЖЫНЫ» АШЫҚ САБАҒЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған