Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрам. Наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Әлемнің көне мерекесінің бірі, Орта Азия халықтарында 5000 жыл бойы тойланып келе жатқан әз-Наурыз мерекесін Жетісай халқы жоғары дәрежеде атап өтті.
Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры ғимаратында өткен мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Прімбеков пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық ардагерлер кеңесі төраға орынбасары Жаппар Ғаппаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева мен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Рахила Басымбекова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев пен аудан тұрғындары, БАҚ қатысты.
«Наурыз – жыл басы. Күн мен теңеліп, айналадағы күллі тіршілік атаулысын қайта түлетіп, жаңартатын сәт. Көп ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында мекен етіп, бірлік пен берекені, татулық пен тұрақтылықты ту етер ерекше мейрам. Биыл Жетісай жұртшылығына әз-Наурыз мерекесі молшылығымен келді. Көктен Алланың нұры жауып, көктің молайып, диқандардың кәсібі берекелі болғалы тұр» деді Серік Қонысбекұлы.
Басқосу барысында аудандық ардагерлер кеңесі төраға орынбасары, журналист Жаппар Ғаппар мен аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева барша жетісайлықтарды мерекемен салтанатты түрде құттықтады.
Көпэтносты халықтың ортақ мерекесін жоғары етіп атап өтуге аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен арнайы шақыртылған қонақтарымыз өз үлестерін қосып, жиылған көпшілікке рухани демалыс сыйлады.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
АУДАНЫМЫЗДА ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған