Халыққа мәдени қызмет көрсету шараларын барынша жақсарту, ауылдық мәдениет мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру, халық шығармашылығын дамытып, кент, ауыл округтері арасында талантты жастарды іздеу, оларды елге таныту мақсатында «Өнерлі өлке өрендері» аудандық өнер фестивалін ұйымдастырған болатын.
Үш ай бойына Мырзакент кенті тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлаған фестивальда өз мәресіне жетіп, аудан орталығында өткен “Алтын күз – 2024” салтанатты шарасы барысында аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова фестиваль жеңімпаздарын құттықтап, оларға сый-сияпаттар табыстады.
Сонымен қызықты өткен фестивальдің қорытындысында қазылар алқасының шешімімен:
Бас жүлде иегері болып – Жамбыл ауылдық округі танылды. Жеңімпазға арнайы диплом және 300 000 тг-лік сертификат табысталса, І орын – Мырзакент кенті, арнайы диплом және 200 000 тг-лік сертификат, ІІ орын – Атакент кенті мен Бірлік ауылдық округі, арнайы диплом және 150 000 тг-лік сертификат, ІІІ орын – А.Қалыбеков ауылдық округі, Еңбекші ауылдық округі және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округтері, арнайы диплом және 100 000 тг-лік сертификаттарды жеңіп алды. Сондай-ақ, аудан әкімінің арнайы жүлдесін – Жаңа жол ауылдық округі, арнайы диплом және 50 000 тг сертификатты, “Ұлт бірлігі – ел қазынасы” арнайы жүлдесін – Иіржар ауылдық округі, арнайы диплом және 50 000 тг-лік сертификат, “Тұған жер – алтын бесігім” арнайы жүлдесі – Мақтарал ауылдық округі және Достық ауылдық округтері, арнайы диплом және 50 000 тг сертификаттармен марапатталды.
Айта кетейік, биылғы жылдың 6 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында ауданға қарасты 11 кент және ауылдық округтер әр аптаның жұмасы күні Мырзакент кентінде мәдениет күндерін өткізді. Өздерінің жетістіктері туралы көрмелер ұйымдастырып, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар ұлықталды. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен де сайыстар ұйымдастырып, өнерпаздардың қатысуымен мерекелік гала-концерттерді көпшіліктің назарына ұсынды.