Аудан әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында өткен жиында көпшілікке «Мырзакент» аудандық ауруханасының бас дәрігерін таныстырды.

Б.Асанов аппарат жиынында Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Тұрсынханов Мұқан Шыңғысханұлының 2024 жылдың 9-шы шілдесінен бастап «Мырзакент» аудандық ауруханасына басшы болып тағайындалғанын хабарлады.

1965 жылы Мақтаарал ауданында туылған Мұқан Шыңғысханұлы 1989 жылы Ақтөбе медициналық институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша, ал 2020 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Медицина саласында оның 35 жылға жуық еңбек тәжірибесі бар. Ол қазіргі жұмысына тағайындалғанға дейін Шымкент қаласында қалалық №1 ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарған.

Аудан басшысы, осындай мол тәжірибеге ие, біліктілігімен танылған аурухананың бас дәрігерінің жаңа қызметіне сәттілік тілей отырып, оған тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медицина қызметін көрсету керектігіне мән беру керектігін айтты.

АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған