Жақында ғана ҚР ІІМ Е.Саденовтың бұйрығымен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшысы болып тағайындалған полиция подполковнигі Ердаулет Дарханұлы Амантаев аудан имамдарымен кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады.
Аудандық полция бөлімінің Акт залында өткен осы кездесу барысында, жаңадан тағайындалған полиция басшысы, ауданымыздың имамдарын өңіріміздегі діни тұрақтылықты сақтау, жастарды жат діни ағымдардан қорғау бағытында тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге шақырды. Өз кезегінде сөзге шыққан аудан имамы Нұржан Мұсабеков пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Бабашевтар құзырлы орган мен дін өкілдерінің біргелікте атқарар жұмыстары көп екендігін, сондықтан аудандық полиция бөлімінің басшысы Е.Амантаевтың алғашқы қадамын осы бағыттан бастағанына өз ризашылықтарын білдірді.
Сондай-ақ, жиын барысында жастарымызды есірткіден қорғау, ауылдарда спирттік ішімдік саудасын тоқтату, отбасылық құндылықтар жайлы сөз болды. Ос мәселелер бойынша имамдар сөзге шығып, өз ойларын айтып, кейбір мәселелерде полиция қызметкерлері тарапыа қолдаулар болса екен деген өтініштерін айтты. Аудандық полиция бөлімінің басшысы Ердаулет Дарханұлы бұл ұсыныс-тілектерді назараға алатынын айтып, өз орынбасарларына тиісті тапсырмалар берді.
Айта кетерлігі, Мақтаарал ауданы облысымыздағы халқы ең тығыз қоныстанған ауданның бірі болып табылады және де аудан тұрғындарының 95 пайызы Ислам дінін ұстанады.