Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың 2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды есебі өтеді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, есептік кездесуден бұрын аудан басшысы мәселелері бар тұрғындарды жеке қабылдады.
  Жеке қабылдауға аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев пен аудандық дербес бөлімдердің басшылары да қатысты.
   Облыс әкімінің және аудан әкімінің қабылдауына алдын ала жазылып, тұрғын үй, ағын су, мектеп салу, жол жөндеу және әлеуметтік мәселелер бойынша көмек сұрап келген тұрғындардың әрбірін мұқият тыңдаған аудан басшысы айтылған өтініштерді қағазға түртіп отырды. Жеке қабылдау барысында тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, сол жерде әрбір мәселенің түйінін тарқатты.
  Аудан әкімі көтерілген мәселелердің ішінде қосымша талдауды, зерделеуді қажет ететіндерімен сала мамандарымен біргелікте жұмыс жүргізіп, өтініш иелеріне қосымша хабарланатындығын жеткізді.
  «Айтылған әрбір өтініш-пікірлеріңізді қарастырамыз. Тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауыма аламын» – деді Бақыт Насырханұлы.
  Айта кетейік, онлайн режимде 2 кент пен 9 ауылдық округтің тұрғындарына есеп берген аудан әкімі Бақыт Асановтың қорытынды есептік кездесуі 5-ақпан күні сағат 11:00-де өтеді. Іс-шараны аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы тікелей эфирден тамашалауға және сұрақтар қоюға мүмкіндіктер қарастырылғанын естеріңізге саламыз.
АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған