Аудан әкімі Мұрат Болатұлы Ш.Ділдәбеков ауылдық округіне барып кәсіпкерлермен және елді мекен тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында бірқатар ауылдық округ көлеміндегі кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелерді қозғады.
– Қазіргі уақытта кез келген ауыл тұрғындарының кәсіп ашып, тірлігін бастауына мүмкіндігі зор. Бүгінгідей нарық заманында тынымсыз еңбек қана жоғары табысқа бастайтыны анық. Еліміздегі түрлі мемлекеттік бағдарламалар кәсібін жаңадан бастайтын тұрғындарды жетістікке жетелейтінін көрсетіп отыр. Ең бастысы – мемлекет тарапынан ұсынылған қолдауларды мүлт жібермеуіміз керек, – деді аудан әкімі Мұрат Қадырбек.
Осыдан кейін аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласында қандай жұмыстар мен дайындықтар жүргізіліп жатқанын көріп, ағын су және ауыз су нысандарын аралады. Кейіннен ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Аудан басшысы жиында көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді
Жетісай ауданы әкімінің
баспасөз қызметі.
АУДАН ӘКІМІ Ш.ДІЛДӘБЕКОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БОЛДЫ