Қазақстан Республикасының Прокуратурасы – Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.
   Кез-келген заң бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданып, Конституция мен заңдарда белгiленген жағдайларда тәртiп пен қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның құрылғанына биыл 30 жыл.
   Айтулы мерекеге орай бүгін Жетісай ауданының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы қадағалаушы орган қызметкерлерін «6 желтоқсан – Прокуратура күні» кәсіби мерекелерімен құттықтап, заңдылықтардың сақталуы мен орындалуы бағытында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар, Жетісай ауданына жаңадан тағайындалған аудан прокуроры Айдархан Жорықбайұлының алдағы атқарар істеріне сәттілік тілеп, тығыз байланыста жұмыс жүргізуге дайын екендігін айтты.
   «Прокуратура саласы – өте жауапты әрі маңызды сала. Сіздер еліміздегі заңдылықты қадағалап, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етесіздер. Сіздердің қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау және тұтас мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыру жолындағы еңбектеріңіз орасан. Отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге шығармашылық табыстар мен жаңа серпіліс тілеймін!» деді аудан басшысы.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
АУДАН ӘКІМІ ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған