Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов жақында ғана «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» байқауының жеңімпазы, білім беру саласының үздігі, ұлағатты ұстаз Зағрипа Сейдахметованы қабылдады. Сондай-ақ, жиынға ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев пен О.Бапышев жалпы орта мектебінің директоры Мастура Амановалар қатысты.
   Аудан әкімі еңбегі еленген ұстаздың жетістігіне шын жүректен қуанғанын, елдің ертеңіне жарайтын мықты шәкірттер тәрбиелей беруіне тілектес екенін жеткізді. Ауданның емес, облыстың емес, Республиканың Құрметті азаматының жеңімпазы атану – әркім жете бермейтін биік шың екенін атап өтті.
Зағрипа Сейдахметова 1965 жылы дүниеге келген. 1989 жылы Шымкент педагогикалық инстутының физика-математика факультетін тәмамдаған.
   №8 О.Бапышев атындағы жалпы орта мектепте өзінің ұлағатты ұзтаздық жолын бастап, барлық саналы өмірін Мақтаарал ауданының білім саласын дамытуға арнады.
  Ағартушылық қызметі саласында оның көптеген ізбасарлары қалыптасып, ерен еңбегінің арқасында жүздеген шәкірттері физика ғылымдарының салаларында жоғары білікті маман атанды. Сонымен қатар, оның оқушылары аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларда, олимпиадаларда, байқауларда жүлделі I, II, III орындарды иеленген.
   Ұлағатты ұстаз Зағрипа Сейдахметованың жетістіктері:
– 2014 ж. Өрлеу біліктікті арттыру ұлттық орталығы «Шығармашылық іс-әрекетті дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері» Сертификат.
– 2015ж. Мақтаарал ауданының білім бөлімі. Ғылыми жұмыс. Диплом IIIдәрежелі.
– 2015ж. Мақтаарал ауданы білім бөлімі. Аудандық физика пән олимпиада. Диплом II дәрежелі. Алғыс хат
– 2017 ж. Мақтаарал ауданы білім бөлімі. Ғылыми жұмыс. Диплом II-дәрежелі.
– 2017 ж. Мақтаарал ауданы білім бөлімі. Ең үздік сабақ жоспары. Диплом II дәрежелі.
– 2017 ж. Мақтаарал ауданы білім бөлімі.Ең үздік пән кабинеті.Диплом II -дәрежелі.
-2018 ж. Республикалық қашықтық олимпиада. Диплом I -дәрежелі.
– 2018 ж. «Халықаралық экалогия инженерия және педагогика ғылымдар академиясы». Ғылыми жоба. Диплом I -дәрежелі.
– 2018ж. «Халықаралық экалогия инженерия және педагогика ғылымдар академиясы». «Ашық сабақ – 2018». Диплом I -дәрежелі.
– 2018ж. Мақтаарал ауданының білім бөлімі. Ғылыми жоба. Диплом I -дәрежелі.
– 2018ж. Конаев ордені, Ұлттық сертификат. Диплом I -дәрежелі.
– 2019ж. Республикалық қашықтық олимпиада. Диплом I -дәрежелі.
– 2019ж. Түркістан облыстық білім басқармасы. Құрмет грамотасы.
– 2021ж. «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» байқауының жеңімпазы. Диплом – І дәрежелі.
АУДАН ӘКІМІ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ЗАҒРИПА СЕЙДАХМЕТОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған